Бейсенбі, 12 Наурыз 2015   |   3090 рет оқылды

Діни әдебиет оқудан жарысты

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткарімұлының бастамасымен қыз балалар арасында орталық мешіт және  Тасбөгет кентіндегі "Құддыс ишан" мешітінің шәкірттері  арасында діни әдебиет оқудан сайыс ұйымдастырылды.

 Сайыстың негізгі мақсаты – діни әдебиеттердің мәнісін ұға білу, жастардың, шәкірттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып табылды.

 Сайыс нәтижесінде бірнеше әдеби құндылықтардың бағасын біліп, ықылас ниетін діни ілім алуға бағыттаған жас шәкірттер арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында  «Ислам ғылымхалы» кітабы сыйлыққа берілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы