Жұма, 20 Наурыз 2015   |   3617 рет оқылды

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

 Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде аталып өтті.

 Мешіт ауласында  қазақтың салт-дәстүрлерінен қойылымдар қойылып, қазақтың ұлттық ойындары қазақша күрес, қол күрес, арқан тартыс, асық ойындарынан жамағат арасында сайыстар ұйымдастырылды.

 Сайыс нәтижесі бойынша үздік аталып, жеңімпаз болғандар мешіт тарапынан арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

 Сонымен қатар, қатысушылар мен тұрғындарға арналып арнайы дастархан жайылып, наурыз көже мен палау үлестірілді.

 Облысқа қарасты қала мешіттері жамағаттары үйлерінен түрлі тәттілерін пісіріп, тұрғындарға сауда жасады.

 Аталмыш саудадан түскен қаржыға алдағы уақытта әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларына қайырымдылық көмектері көрсетілетін болады.

         «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы