Бейсенбі, 09 Сәуір 2015   |   404 рет оқылды

Қала және аудан имамдарына Бас мүфтидің тапсырмасы таныстырылды

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде облысқа қарасты аудан және қала имамдарының кезекті жиналысы өткізілді.

Жиналысты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров жүргізді.

Жиналыс барысында алдағы уақытта жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, діни әдебиеттерді насихаттау және  «Ағаш ел дәулеті – жер сәулеті» атты қайырымдылық шаралары қарқынды жүргізілуі тапсырылды.

Сонымен қатар, қала және аудан мешіттері арасында «Көрікті мешіт»  байқауы ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Яғни, әрбір мешіт ұжымы мен жамағат мешіттердің көркейуіне, тазалығына, көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысып «Көрікті мешіт» атауын иеленуіне мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, жиынға Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов қатысып, орталық тарапынан аудан және қала имамдары мен мешіттеріне қашанда қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.

Аталған жұмыстар бойынша қорытынды шығарылып, насихатталатын болады.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы