Бейсенбі, 09 Сәуір 2015   |   780 рет оқылды

Басты тақырып - жаназадағы ысырапшылықты жою

         Жаназадағы ысырапшылық мәселесі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны ақиқат. Бүгінгі таңда тұрғындардың бәсекелестікке бой алдырып, түрлі дәстүрімізге жат кәделер мен дәстүрлерді ұстанып, шариғаттан асып кетіп жатқан тұстары бар.

         Осы мәселелерді жоюды насихаттау, шариғат заңдарын түсіндіру мақсатында жергілікті «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасы арқылы «Ақиқат алаңы» бағдарламасы көрерменге ұсынылды.

         Бағдарлама арқауы - қазіргі таңдағы жаназадағы ысырапшылық немесе өлім-жітім кәделерінде кетіп жатқан қателіктер туралы болды.

         Бағдарламаға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров Сейіткәрімұлы қатысып, халықты шариғаттан аспай, салтымызды сақтауға шақырып, тұрғындарға жаназадағы ысырапшылықты тию жолында үндеу тастады.

         Сонымен қатар, зейнеткер қажы Ә.Құтжанұлы мен П.Орынбасарұлы аталарымыз қазақ халқының салт-дәстүрлеріне тоқталды.

         Бағдарламаға қатысушы жастар мамандар тарапынан өз сұрақтарына жауаптарын алды.

         Аталмыш бағыттағы насихат жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы