Сенбі, 11 Сәуір 2015   |   1205 рет оқылды

Ауыл тұрғындары тасаттық берді

         Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданы, Ы.Жахаев атындағы ауылда тұрғындар мен мешіт жамағаты тасаттық берді.

         Тасаттыққа ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт  - Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысты. Аталмы тасаттық шарасында өкіл имам тасаттықтың маңыздылығы мен сауабы жөнінде уағыз айтты.

         Содан кейін, ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаттары ауыл мешітінде болып, Қасиетті Құран оқылып, өкіл имам жаңбыр дұғасын жасады.

         Жалпы тасаттық – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім.

         Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап,  құран оқылып, Алла Тағаладан  жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады.

         Осы шаралар атқарылған тасаттыққа аудан әкімі, ауыл әкімі және Шиелі ауданына қарасты ауылдық округтердің имам-молдалары қатысты.

        

«Ақмешіт  - Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы