Сенбі, 11 Сәуір 2015   |   1317 рет оқылды

ҚОРЫМҒА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 Сыр  өңірінде, Гагарин қыстағында  200 жылдық  тарихы бар Балықбай қорымы бар.  Аталмыш қорымға тұрғындар және «Ыбырайым» мешітінің ұжымы мен жамағаты сенбілік жұмыстарын жүргізіп, тазалық шараларын атқарды.

 Қыс бойы күл-қоқысқа, шашылған тұрмыстық қалдықтарға толған қорымды тұрғындар тазартып, үйінді қоқыстардан тазартты.

 «Ыбырайым» мешітінің найб имамы Нұрман Талғат сауапты іске  жиналған көпшілікке қорымды тазалаудың маңыздылығы, зиярат жасаудың сауабы мен елдің бірлігі турасында уағыз-насихат жүргізді.

 Сауапты істің соңында арнайы дастархан жайылып, ас беріліп, Қасиетті Құран бағышталды.                           

                            «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы