Дүйсенбі, 13 Сәуір 2015   |   961 рет оқылды

МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫНА ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 Бүгінгі таңда бұқара халықтың денсаулығын тексеру, медициналық тексеруден өткізу шаралары жер-жерлерде қарқын алуда.

 Қызылорда қаласындағы қалалық «Ыбрайым» мешітінің жамағатына арнап Дүниежүзілік денсаулық күніне орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары тегін медициналық тексеруден өткізу шараларын ұйымдастырды.

 Шара барысында мешіт жамағаттары қан қысымдарын өлшеп, қан топтарын біліп, басқа да медициналық көмектерге жүгінді.

 Шарада орталық мамандары ақпараттық жадынамалар таратып, белең алып отырған аурулар туралы ақпараттар беріп, сақтандыру жолдарын насихаттады.

 Өз кезегінде мешіт ұжымы мен жамағаттары аталмыш қызметке алғыстарын білдірді.

«Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы