Дүйсенбі, 13 Сәуір 2015   |   1066 рет оқылды

ӨКІЛ ИМАМ НҰР – «НҰР МҮБӘРӘК» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ

 ҚМДБ – ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы «Нұр Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университетінде болып, ондағы түлектермен кездесу өткізді.

 Бүгінгі таңда мешіт имамдары мен дін саласында қызмет ететін имамның тұлғалық келбетінен бөлек, оның біліміне,  интеллектуалды дамуына және тәжірибесіне зор көңіл бөлінуде.

 Осыны ескерген өкіл имам Т.Омаров аталмыш университетте білім алатын шәкірттер мен бітіруші түлектерді, Сыр өңірінен білім алушы жас мамандарды туған еліне қызмет етуге шақырып, уағыз жүргізді.

 Жалпы, бүгінгі таңда Сыр елінде аталмыш бағытта мамандар білімдерін жетілдіріп, сапалы жұмыстар атқарып келеді.

 Шәкірттермен келелі кездесу өткізген өкіл имам, кездесу соңында жас түлектерге арнап дастархан жайып, сұрақтарына жауап берді. 

«Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы