Сейсенбі, 21 Сәуір 2015   |   425 рет оқылды

ЕРЕЖЕП АЙЫ ТУРАЛЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

         Әнәс ибн Малик (р.а.) жеткізген хадисте: «Құрметті ай төртеу, таңдаулы періште төртеу, ең абзал кітап төртеу, дәреттің парызы төртеу, тәсбихтың жақсысы төртеу» деген. Міне, осы аталған төрт құрметті айдың бірі — ережеп айы.

         ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров жергілікті «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының «Ұштаған» арнайы бағдарламасы арқылы Ережеп айының маңыздылығын насихаттап, осы қасиетті айдың ерекшелігі мен қасиеті туралы тұрғындарға кеңінен ақпарат берді.

         Одан бөлек жалпы Ислам дініндегі діни мерекелер мен олардың халық арасында кеңінен танылып, діни мерекелерді өз дәрежесінде атап өту мәселесі де айтылды.

«Ақмешіт – Сырдария» мешітінің ббаспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы