Сәрсенбі, 22 Сәуір 2015   |   581 рет оқылды

Қорым тазалығы назардан тыс қалмайды

         Қызылорда қаласының шет аймағында Сыр елінің сүлейі Сүлеймен ишан атымен аталатын қорым көпшіліктің зиярат жасап, ата бабасына құран бағыштайтын мазарлардың бірі.

         Әрине, бүгінгі таңда жаппай халықтық сенбілік жұмыстарына тек қала көшелерінің тазалығы ғана емес, қорымдар мен зияраттардың тазаруы да басты назарда.

         Әсіресе аталмыш шаруашылыққа, сауапты іске мешіт имамдары мен жамағаттардың қосар үлесі зор.

         Жоғарыда аталған Сүлеймен ишан қорымына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес тазалық жұмыстары жүргізіліп, қорым қоқыстардан тазартылды.

         Аталмыш игілікті шараны «Ыбрайым» мешітінің ұжымы мен жамағаты бірлесе атқарды.

         Өзге де мешіттер ұжымы барлық қорымдарда тазарту шараларына атсалысты.

«Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы