Жұма, 17 Сәуір 2015   |   394 рет оқылды

Қазақтың қара домбырасы Әл-Азһарда күмбірледі

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында әлемдік деңгейде өзіндік орны бар, Ислам әлемінің «Гарварды» атанған Әл-Азһар университетінің орта білім беру департаментінің ұйымдастыруымен «Білім беру саласында жаңа әдістер» атты VIII көрме болып өтті.

Көрмеде Каир қаласы бойынша Әл-Азһар жүйесіндегі Орта білім беру ордалары білім беру саласындағы өз жетістіктерін ұсынды. Аталмыш көрмеге сыйлы қонақ ретінде ҚР-ның Мысыр Араб Республикасындағы  Елшісінің кеңесшісі және Мысырдағы барлық Қазақстан студенттерінің Даданбай Мейірман мырза мен дінтанушы, Әл-Азхар университетінің түлегі, ғылыми зерттеуші Төлебай Мәлік мырза шақырылды. Көрме аясында күмбірлеген күй орындалып, тарихымыз таныстырылды.

Киіз үй мен домбыраның өзі Қазақтың кең даласын жырлап тұрғандай...

Жәрмеңкенің қадірлі қонақтары Әл-Азһар университетінің Орта білім беру департаментінің бастығы профессор, доктор Жума Қадир шейхтарына филология факультетінің 1-курс студенті Елбасы жайында әңгімлеуде.

Әл-Азһар университетінің түлегі, магистратура бөлімінің 1-курс студенті Төлебай Рабиға еліміз жайлы құрметті шейхтарға мәлімет беруде. Құрметті шейхтар Қазақтың кең даласының суреттегі көріністеріне қарап тамсануда.

Жүректерді тебіренткен домбыра Әл-Азһарда. Қазақ студенттері Бағлан және Фархад Мысыр халқын қасиетті домбырамызбен таныстырды. Олар «Ерке сылқым» күйін орындау арқылы, біздің ұлттық аспабымызбен мысырлықтарды таң қалдырғаны соншалық,күй соңы көрермендердің тік тұрып қошемет білдіруімен аяқталды,

Кеш соңында қатысушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. 

www.muslim.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы