Бейсенбі, 30 Сәуір 2015   |   1683 рет оқылды

Татулық – достықтың киелі бесігі

 Қазақстан – көпұлтты, бірлігі жарасқан, зайырлы мемлекет. Еліміз бірліктің, достықтың, халықтар арасындағы татулықтың қадірін қашанда бағалай білген. Қазақ халқының бірлігі мен ұйымшылдығы, ауызбіршілігі өзге елдермен тату қарым-қатынас ұстаудағы беріктігі үлкен жеңістерге жеткізіп, халықтың тыныштығына кепіл болуда. Елдің бірлігіне осы елдің халқы, тарихымыз куә.

 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

 Осы мерекемен барлық Қазақстан халықтарын шын жүректен құттықтаймын! Елімізде әрдайым бейбітшілік орнап, халықтар достастығы ажырамасын.

 Ұлы Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде бізді бірлікке шақыра отырып: «Барлықтарың Аллаһтың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай – ақ өзара бөлінбеңдер» десе, Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғимарат іспеттес» - дей отырып біздер үшін бірлік пен ынтымақтың, татулықтың қаншалықты маңызды екендігін білдірген.

 Алла Тағала ынтымақ бірілігімізден, татулығымыздан айырмасын. Мемлекетіміздің еңсесі биік, дініміздің діңгегі мықты болсын ағайын!


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі,

орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы

Талғат Сейіткәрімұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы