Сәрсенбі, 29 Сәуір 2015   |   394 рет оқылды

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған футбол

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жастармен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі А. Жарқынбековтың ұйымдастыруымен жамағаттар арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Аталмыш футбол ойындары Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерейтойына орай өткізілді. Ойынға қала, аудан мешітінің жамағаттарынан құралған барлығы 14 команда қатысты.

Тартысты өткен ойында үздік деп танылған жеңімпаз командалар мешіт тарапынан бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы