Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/08-05-2015_07-09-43
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/08-05-2015_07-09-43

Жұма, 08 Мамыр 2015   |   464 рет оқылды

АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП АРАЛ АУДАНЫНДА

ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық насихаттық топ мүшелері өңіріміздің аудандарын аралап, насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесулер ұйымдастырды.

Атап айтар болсақ, АНТ мүшелері Арал қаласы мен ауданда орналасқан  бірнеше мекеме, мектептерде уағыздар жүргізді.

Оның ішінде Сөлтірес елді мекеніндегі елімізді тұзбен қамтамасыз етіп отырған «Аралтұз» мекемесі, Арал ауданында орналасқан локомотив депосының еңбек ұжымдарымен кездесу өтті.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы бірнеше мектептерде болып, жасөспірімдерді жат ағымдардан сақтандыру жолдарымен таныстырып, тәрбие, білім төңірегінде уағыздарын жеткізді.{gallery}08-05-2015_07-09-43{/gallery}

Екі топқа бөлінген АНТ мүшелері өздерінің уағыз насихаттарын жүргізу арқылы жергілікті тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, қатысушылар тарапынан болған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.

 

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы