Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/20-05-2015_09-29-07
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/20-05-2015_09-29-07

Сәрсенбі, 20 Мамыр 2015   |   415 рет оқылды

ҚЫЗЫЛОРДАДА БҰРЫНҒЫ ХРИСТИАНДАР ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қоғамды Ислам дінін қабылдап, мұсылмандыққа бет бұрған бауырларымыздың саны көбейіп жатқанын естіп, біліп жүрміз. Тіпті, дүниені дүр сілкіндірген америкалық боксшы Мұхаммед Али де, поп музыка патшасы Майкл Джексон, атақты кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның өзі исламның құдіретін түсініп, исламды қабылдап ғана қоймай, сәждеге бас қойғандығы күллі әлемге аян.

Осындай жақсы жаңалықтың бірі – Сыр өңірінде де орын алды. Қалалық «Айтбай» мешітінің жамағаты, бұрын христиан дінінде болған, ұлты орыс және кәріс азаматшалар Ислам дінінің құдіретіне бас иіп, дінге үлкен қызығушылықпен қарап, нәтижесінде Ислам дінін қабылдады.

Жамағаттың, әсіресе түрлі ұлт өкілдерінің дінімізді құрметтеп, мұсылмандыққа бет бұрып, дінді қабылдауы – ол осы жолда қызмет етуші, Ислам дінін насихаттаушы имамдардың да еңбегі деуге болады.{gallery}20-05-2015_09-29-07{/gallery}

Өз кезегінде «Айтбай» мешітінің бас имамы Алпамыс Тілеубергенов аталмыш азаматшаларға Ислам дінінің қасиетін жеткізумен қатар, шарттарын орындап, кәлимасын айтқызып, сый-сияпатын жасады.

Ислам дінін үлкен ықыласпен, зор қуанышпен қабылдаушы азаматшаларымыз да өз ризашылығын білдірді.

 «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы