Бейсенбі, 21 Мамыр 2015   |   435 рет оқылды

ТҰРҒЫНДАР РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетіп, қол ұшын созу шараларын тұрақты өткізіп келеді.

Көмекке мұқтаж жандардың арасында дертіне дауа іздеген тұрғындар да бар. Осы орайда мешіт ұжымы қолдарынан келгенше қаржылай көмек көрсетуден ешқашан тайған емес.

Қалалық «Ыбрайым» мешітінің ұжымы осы мөлтек аудан тұрғыны Шәкизада Дүйсенәливаның қызы Дүйсенәлиева Аружанның ем алып, қатарына қосылуына үлкен септігін тигізіп қаржылай да, азық-түлікпен де көмек қолын созып келеді.

Екі бүйрегі істен шыққан жасөспірімнің ем алуына септігін тигізген абзал жандарға Аружанның отбасы шексіз алғысын білдіруде.

Мешіт ұжымының ықпалымен осы сауапты іске «Нұр Марал» ЖШС мен «Абзал и К» ЖШС де атсалысты.

Мұсылманның барлығын бір-біріне бауыр санап, көмек көрсетуден тартынбайтын  азаматтарымыздың қайырымдылығы өз жалғасын таба беретін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы