Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/27-05-2015_07-15-17
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/27-05-2015_07-15-17

Дүйсенбі, 25 Мамыр 2015   |   403 рет оқылды

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

 Мүмкіндігі шектеулі азаматтарда қоғамның бір мүшесі. Оларға қайырымдылық жасап, мейірім таныту әрбір мұсылманның міндеті.

 Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі қайырымдылық бағытындағы шараларды жүйелі жүргізіп келеді.

 Осындай шаралардың бірі Талсуат ауылдық округінде орналасқан мүгедек балаларды оңалту орталығында өткізілді.{gallery}27-05-2015_07-15-17{/gallery}

 Аталмыш қайырымдылық шарасында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы балаларға жылы лебізін білдіріп, сый-сияпатын жасап, дұға етті.

 Хадис-шарифте «Рақымдылық танытқанға Рахман (аса рақымды) Хақ тағала рақымдылық көрсетеді. Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар, көк жүзіндегілер де сендерге рақымдылық танытады» деген.

 Осындай мейірімділік пен шапағатты сезінген сезімтал балалардың алғысы көз жанарларынан байқалып тұрды.

 Мұндай сауапты істер алдағы күндерде де жалғасатын болады.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы