Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/27-05-2015_07-17-05
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/27-05-2015_07-17-05

Жексенбі, 24 Мамыр 2015   |   519 рет оқылды

ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен аймақта рухани шаралар, діни байқаулар ұйымдастырылып, сауатты, ниеті бар шәкірттер назардан қалмай, ынталандырылып келеді.

Осы бағыттағы жоспарға сай шаралардың бірі – облыстық Құран оқу сайысы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұйымдастырылды.

Аталмыш сайысқа Ислам дініне бет бұрып, Қасиетті Құранды оқуға деген ынта-ниеті зор 50 – ге жуық жасөспірімдер мен жастар қатысты.{gallery}27-05-2015_07-17-05{/gallery}

Құран оқу сайысы негізінен 2 бағытта өткізілді. Бірінші кезекте Құранды мәнерлеп оқудан 37 шәкірт бақ сынаса және 2 бағыт  Құранның 1 парасын жатқа оқудан 13 шәкірт сайысты.

Сайысты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы, найб имам, ұстаз Мұхтар Гаджиев және білікті имамдар саралады.

Нәтижесінде мәнерлеп оқудан І орынды Сералы Мейрамбек,   ІІ орынды Мархабек Арман, ІІІ орынды Сейтпенбетов Яссауи алса, 1 пара бойынша Жүнісов Азамат І орын, Нұрбек Мұхамедамин ІІ орын, Қарабаев Бекзат ІІІ орынды  иеленді.

Барлық сайысқа қатысушыларға орталық мешіт тарапынан алғыс хаттар беріліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария» 

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы