Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/29-05-2015_16-35-29
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/29-05-2015_16-35-29

Жұма, 29 Мамыр 2015   |   567 рет оқылды

«ҚҰДДЫС ИШАН» МЕШІТІНДЕ АЗАН АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

 Жасөспірімдерді дінге баулу, Ислами тәрбие беріп, рухани құндылықтарды бағалауға үйрету осы дінді насихаттап отырған мешіт ұжымының,  мешіт имамдары қызметінің бір бөлігі.

 Сонымен қатар, осы дінге қызығушылығы зор, талабы бар балаларды діни тұрғыдан сайысқа түсіріп, ынталандырып отыру да назардан тыс қалмайды.{gallery}29-05-2015_16-35-29{/gallery}

 Осы орайда, қаламыздағы «Құддыс ишан» мешітінде жамағаттар арасында азан айтудан жарыс ұйымдастырылды. Жас ерекшелігі 16-40 жас қамтитын жамағаттар өздерінің әсем әуезді азан айтудағы талаптарын зор ықыласпен жеткізе білді.

 Аталмыш байқауды орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы, ұстаз Гаджиев Мұхтар, «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Садықов Жеңіс саралады.

 Нәтижесінде 1-ші орынды  Алмағанбетов Рүстем, 2-ші орынды Асылбеков Асхат, 3-ші орынды Ахметов Дастан иеленді.

 Қатысушыларға мешіт тарапынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы