Сәрсенбі, 03 Маусым 2015   |   559 рет оқылды

Имам молдалар біліктілігін арттырды

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен Сыр өңірінің бірнеше имам-молдалары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент медресесіне білімін жетілдіріп, әрі, біліктілігін арттыру семинарына жіберілген болатын.

 Қазіргі таңда қоғамдық пікірлердің күн сайын жаңаланып, түрлі ақпараттар ағынының өсуіне, тұрғындардың Ислам дініне бет бұруының артуына байланысты, дінді насихаттаушы имамның білім де осыған сай болу керектігі белгілі.

 Осы орайда, өңірімізге белгілі дінтанушы, исламтанушылары шақырылуымен қатар, имам – молдалардың өзге облыстарда тәжірибе алмасып, білімін жетілдіруі де қолға алынуда.

 Жоғарыда атап өткендей, Сыр өңірінен барған бірнеше имам-молдалар Шымкент медресесінде білімін жетілдіріп, арнайы сертификаттарын алып, елге оралды. Алдағы уақытта алған білімдерін халық игілігіне пайдаланатыны сөзсіз.

 Айта кету керек, аталмыш медреседе Қызылорда облысынан 2 топ имам-молдалар оқыды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы