Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/13-06-2015_06-39-38
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/13-06-2015_06-39-38

Сенбі, 13 Маусым 2015   |   433 рет оқылды

ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жылдағы дәстүр бойынша жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

 ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұылының  бастамасымен қолға алынған бұл игілікті шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыс мезгіліндегі балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу  болып табылады.{gallery}13-06-2015_06-39-38{/gallery}

 Жазғы сауат ашу курстарында  орталық  «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы М.Гаджиев пен мешіттің Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі А.Жарқынбеков балаларға дәріс беруде.

 Сауат ашу курстары қыз балаларға және ер балаларға бөлек арналып өтілуде. Сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, имандылық сабақтары, арабша үйрену секілді тәлімі мол дәрістер үйретілуде. Аталмыш сауат ашу курсының еліміздің болашағы балалар үшін берер пайдасы да зор екені түсінікті.

 Сауат ашу курсына қатысушы балалардың  саны жыл сайын артпаса, кеміген емес.

 Жазғы демалыс айларындағы осы сауат ашу курстары ауысыммен жалғасатын болады.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы