Дүйсенбі, 15 Маусым 2015   |   401 рет оқылды

Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлының құттықтауы

Құрметті барша қызылордалықтар!        

 Пенденің сауапқа кенеліп, жақсылықтың сарқылмайтын қайнары, рухани кемелдену айы Рамазанға жеткізген Алла Тағалаға сансыз мақтау-мадақтар болсын. 

 Адам баласына хақ жолды көрсетіп, иман нұрына бөлеген Алла Тағала пендесіне шайтандар кісенделіп,  тозақтың есіктері жабылатын, жәннаттың есіктері айқара ашылатын берекелі айды құлдарына тарту етті. 

 Бүкіл мұсылмандардың ұлық мерекесі болған, айлардың төресі Қасиетті Рамазан айы баршамызға құтты болсын.

Рамазан айы - Ұлы жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, ізгі амалдар толассыз жасалып, Алла Тағаланың рахымы мен мейіріміне тұнған ай.

 Ұлы нығмет, әрі құлшылықтың асылы орындалатын Қадір түнін сыйлаған Рамазан айының мәртебесі туралы Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Айлардың мырзасы – рамазан, күндердің мырзасы жұма, түндердің мырзасы — Қадір түні». деген.

 Сонымен қатар, Рамазан – адамдарға тура жолды нұсқаушы қасиетті Құран түсіріле бастаған ай.  

 Кез келген басқа мерзіммен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да  - Рамазан.

 Осы Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, тілеген дұға-тілектеріңіз, жасаған қайырымды игі амалдарыңыз қабыл болған амалдар қатарынан болуына тілектеспін.

 Қасиетті Рамазан айы Сіздердің отбасыларыңызға бірлік пен береке, дендеріңізге  саулық, Сыр жұртшылығына ынтымақ пен молшылық, Отанымызға өркендеу,  дінімізге қуат әкелсін!

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы