Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/16-06-2015_06-34-45
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/16-06-2015_06-34-45

Сейсенбі, 16 Маусым 2015   |   470 рет оқылды

«Құддыс ишан» мешітінде жазғы сауат ашу дәрістері басталды

Қала мешіттерінде жыл сайын балалардың жазғы уақытын тиімді өткізу мақсатында жазғы сауат ашу дәрістерінің басталатыны көпшілікке белгілі.

Аталмыш дәстүр биыл да өз жалғасын табуда.{gallery}16-06-2015_06-34-45{/gallery}

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешітінде жазғы сауат ашу жұмыстары басталып, кент балаларына имандылық турасында сабақтар, Құран әліппесі секілді дәрістер берілуде.

Қазіргі таңда мешітте 30-ға жуық жасөспірім сабақ алуда.

Сонымен қатар, мешітте қасиетті Рамазан айының басталуына орай дайындық жұмыстары да пысықталды.

Мешіт ауласына  ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына арнаған Үндеуі мен қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтау баннері ілінді.

Сондай-ақ, мешіт жамағаттарына ораза шарттары мен ораза кестесі көрсетілген ақпараттық жадынамалар да таратылатын болады. 

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

 баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы