Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/16-06-2015_06-07-13
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/16-06-2015_06-07-13

Сейсенбі, 16 Маусым 2015   |   375 рет оқылды

«Көрікті мешіт» имамына шипажайға жолдама берілді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті осыдан бірнеше уақыт бұрын облыс мешіттеріне арналған «Көрікті мешіт» байқауын жариялаған болатын.{gallery}16-06-2015_06-07-13{/gallery}

Аталмыш байқаудың негізгі мақсаты – аймағымыздағы мешіттердің тазалығын арттырып, мешіт ауласын абаттандырып, жасыл желектерді көбейтіп, сонымен қатар, мешіт ішіне де тиісті жөндеулер жүргізіп, Алланың жердегі үйін әсемдендіріп, жанашырлықпен қарау болатын.

Байқау жарияланғаннан бастап, мешіт аулаларында ағаштар отырғызылып, қызыл-жасыл гүлдер көбейіп, мешіттердің көріктенуіне имамдармен бірге жамағаттардың да атсалысқанын айта кету керек.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Рамазан алдындағы бірнеше шараларды пысықтауға қатысты қала және аудан имамдарына жиналыс өткізіп, жиналыс соңында «Көрікті мешіт» байқауының жеңімпазын жариялады.

Жиналыс барысында қала және аудан мешіттерінің Рамазан айына дайындығы, жамағатқа жағдай жасалуы, қайырымдылық шараларын арттыру мәселелері қаралды.

Жиналыс соңында Қызылорда облысына қарасты Арал аудандық орталық мұсылмандар мешіті «Көрікті мешіт» атауына ие болып, мешіттің бас имамы Евилхан Сьезбекке шипажайға жолдама беріліп, барлық атсалысқан имамдардың еңбегіне алғыс білдірілді.  

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы