Сәрсенбі, 17 Маусым 2015   |   558 рет оқылды

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – САУАПТЫ ІС

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы барлық мешіттер қайырымдылық шараларын үздіксіз жүргізіп келеді.

Осындай қайырымдылық шарасының бірі – қалалық «Ыбрайым» мешітінің ықпалымен жүзеге асырылды.

Жалпы мешіт ұжымы мешітке үлкен сеніммен қадам басатын, көмекке мұқтаж жандарды қашанда қолдан келгенше көмек беруде кері қайтарған емес.

Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен отбасына азық-түлік, мүмкіндігінше қаржылай көмек көрсетілуде.

Мешіттің найб имамы Талғат Нұрманұлының ықпалымен мұндай тұрғындарға қол ұшын созу тұрақты орын алып келеді.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей имамдарымыздың осы игілікті шаралары мол сауапқа кенелтері сөзсіз.

Өз кезегінде тұрғындар да алғысын білдіруде.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

баспасөз қызметі  

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы