Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/18-06-2015_06-43-34
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/18-06-2015_06-43-34

Бейсенбі, 18 Маусым 2015   |   560 рет оқылды

РАМАЗАН АЛДЫНДАҒЫ СҰХБАТ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы сұхбат беріп, көрермендермен тілдесті.{gallery}18-06-2015_06-43-34{/gallery}

Сұхбат тақырыбы – Қасиетті Рамазан айы турасында болды. Қасиетті айдағы құлшылықтар, ораза ұстаудың негізгі шарттары және ораза ұстаушыларға кеңестер айтылды.

Сонымен қатар, өкіл имам Т.Омаров өз сұхбатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына арнаған құттықтауы мен Үндеуін тұрғындарға жеткізді.

Сондай-ақ, Рамазан айындағы көп туындайтын сұрақтарға жауап беріп, тарауих намазының сауабы жайлы да әңгіме өрбіді.

Рамазан айы бағытында өрбіген салихалы сұхбат барысында осы айда атқарылатын біршама игі шаралар, қайырымдылық іс-шаралары, ауыз бекіткен, тарауихке қатысатын жамағаттарға арналған жағдайлар, мешіт дайындықтары да сөз болды.

Айта кету керек, жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы күнделікті 30 күнде 30 бағдарлама ұранымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Т.Омаровтың және қала, аудан имамдарының қатысуымен бір ай көлемінде бағдарламалар көрермендерге көрсетілетін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы