Жұма, 19 Маусым 2015   |   374 рет оқылды

ОРАЗАҒА ОРАЙ «СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай, оразаға байланысты туындайтын сұрақтар бойынша  «Қауырт желі» іске қосылды.

Ораза айында халық тарапынан ауыз бекітуге байланысты және тарауих намазына қатысты, ораза шарттарына орай түрлі сұрақтар туындайтыны белгілі.

Аталмыш сенім телефондарының мақсаты – осы тұрғындар сауалдарына  тікелей  мешіт имамдарынан жауап алу, халық арасындағы ауыз бекітуге байланысты туындаған сұрақтарға нақты жауаптар беру және мешіт тарапынан атқарылып жатқан қайырымдылық шараларына аз қамтамасыз етілген отбасылардың барынша қамтылуы және т.б. іске асыру.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі 30-36-75 және 30-74-35 нөмерлі сенім телефондары тұрғындардың көкейінде туындаған сұрақтарына жауап беріп, ақпараттар ұсынуда.

Сенім телефоны – әлеуметтік маңызы бар қызметтердің бір түрі болып саналады. Сол себепті оның қызметі -  хабарласқан адамға жедел, тегін және нақты әрі дәлелді  көмек көрсету болып табылады.

Сенім телефондарына қоңырау шалған тұрғындарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің имамдары жауап беруде.

Аталмыш қызметтің тұрғындарға сапалы көмек көрсетіп, нақты жауаптар алып, халықтың адасушылыққа, жалған ақпараттарға бой алдырмауына септігі мол.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы