Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/22-06-2015_06-06-00
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/22-06-2015_06-06-00

Дүйсенбі, 22 Маусым 2015   |   521 рет оқылды

РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ИГІ ШАРАЛАР

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне ораза ұстаған тұрғындарға жағдай жасап, қайырымдылық шараларын барынша көбейтіп, осы айдың қадір-қасиетін ұғындыруда белсенділікпен атсалысуда.

Қасиетті айда атқарылған шаралардың бірқатарына тоқталар болсақ, ең алдымен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларына қайырымдылық жасап, оларды азық-түлік, тұрмыстық қажеттілікпен қамтамасыз ету шаралары үздіксіз жүргізілуде.{gallery}22-06-2015_06-06-00{/gallery}

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен орталық мешітте күнделікті ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар жасалып, бас имамның өзі де көпшілікпен бірге осы шаралардың басында атсалысуда. Мешітке қадам басқан әрбір жамағатқа жеке көңіл бөлініп, Рамазан айының нығметін ұғындыратын ақпараттық жадынамалар таратылып, ораза кестесі де үлестірілуде.

Айта кететін бір жайт, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы барлық қызметкерлерге ортақ «Ораза қабыл болсын» ұранымен арнайы киімдер тіктіріп, Рамазан айының қуанышын сүйіншілеуді көркейте түсті.

Ораза ұстап, Алланың Тағаланың парызын орындауды мақсат тұтқан, тарауих намазына ыждағаттылықпен қатысуға келген жамағаттар үшін арнайы автобустар әзірленіп, тарауих намазынан кейін үйді-үйлеріне таратып, жеңілдіктер көрсетілуде.

Аталмыш бағыттағы шаралар алдағы уақытта да үздіксіз жүргізілетін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі  

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы