Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/23-06-2015_05-52-50
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/23-06-2015_05-52-50

Сейсенбі, 23 Маусым 2015   |   525 рет оқылды

МЕШІТТЕ ТҰСАУКЕСЕР ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешіті өздерінің әрбір шараларында, әрбір уағыз-насихаттарында қазақ халқының ықылым заманнан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінгі ұрпаққа  насихаттап, оның Ислам дінімен біте қайнасқан тұстарын жеткізуді ұмытқан емес.{gallery}23-06-2015_05-52-50{/gallery}

Осындай қазақ халқының сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрыптың бірі – тұсаукесер дәстүрі.

Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «аяқтарымызды тұрақты ет» деген, яғни берік қыл деген мағынадағы дұғасы да бар екен. Негізінде адамның өміріндегі қадамдары нық әрі берекелі болуы үшін, жүрген қадамы оң болуының да маңызы зор. Намаз оқығанда, қиямда тұру үшін де, мешітке, қажылыққа жету үшін де адамға денсаулық, екі аяқтың саулығы өте қажет екендігі белгілі. Аяқ та – адам өмірінің бір тірегі екені рас. Осы себептен, де өмірдегі қадамдарың нық болсын деген ниеттен тұсаукесер өткізілетіні заңды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде осы қала тұрғынының өтінішімен сәбидің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

«Тұсаукесер» – баланың осы өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы болғандықтан, тұсау кесуді беделді, иманды, абыройлы азаматтарға сеніп жүктейтіні де белгілі.

Аталмыш тұсаукесерде баланың алғашқы қадамы қасиетті Рамазан айымен тұспа тұс келгендіктен оң болсын деген ниетпен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы өткізіп, бүлдіршінге ақ жол тілеп, батасын берді.

Өз кезегінде ата-аналар да ризашылығын білдірді. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы