Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/01-07-2015_06-36-29
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/01-07-2015_06-36-29

Сәрсенбі, 01 Шілде 2015   |   496 рет оқылды

ОРАЗАДАҒЫ ОҢ БАСТАМАЛАР

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айының құрметіне бірнеше ауқымды игі шаралар атқарды.  Рамазан айына жоғары дәрежедегі дайындықпен кірген мешіт ұжымы бірінші кезекте қарапайым тұрғындардың, жамағаттың хал-ахуалын жасауды назарға алды.{gallery}01-07-2015_06-36-29{/gallery}

Олар үшін мешіттерде арнайы сусындар орналастырылып, оразаның алғашқы күнінен-ақ ауызашар берліп, арнайы көліктер әзірленіп, қайырымдылық шаралары жасалды.

Жалпы  Рамазан - қайырымдылық  айы. Ораза – жақсылық, құлшылық жасайтын үлкен мүмкіндік. Рамазан айының құрметіне орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен қала тұрғындарына оразаның құрметіне арнайы сый-сияпаттар таратылды.

Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы әрбір тұрғынға жеке көңіл аударып, Рамазан айымен құттықтап, игі тілек-дұғасын жеткізді.

Өз кезегінде қала тұрғындары өкіл имамның осындай кішіпейілдікпен тұрғындармен қатынас орнатып, дұға-тілегін жеткізуіне ризашылықтарын білдірді. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы