Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/04-07-2015_11-40-13
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/04-07-2015_11-40-13

Сенбі, 04 Шілде 2015   |   487 рет оқылды

СЫР ЕЛІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айында Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде «Қалмұхаммед Ишан» мешіті мұсылман жамағатының пайдалануына берілді.

Имандылық үйінің құрылысы жеке кәсіпкер Мұрат Нұрсейітовтің демеушілігімен жүргізілген. 4 мыңнан астам халқы бар Белкөл кентінде осыған дейін мешіт болмаған еді. 

Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен және мешіттің ашылуымен құттықтады. 

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов сөз алып, өңіріміздегі кең етек алып келе жатқан игі бастамаларға ризашылығын білдірді.{gallery}04-07-2015_11-40-13{/gallery}

Алты алаштың анасы атанған Сыр елі – елін имандылыққа баулыған, халқын рухани бірлік пен тұрақтылыққа шақырған дін және қоғам қайраткерлерімен ерекшеленеді.

Солардың бірігейі Марал ишанның ұлы Қалмұхаммед (Қалқай) ишан болған. Жаңа мешіт осы Қалмұхаммед есімімен аталды. Бұхара мен Бағдат қалаларындағы ірі діни медреселерінде 25 жылға жуық оқып келіп, мешіт, медресе салып, жастарға мұсылмандық білім берумен қатар, елді егіншілікке үйреткен.

Мешіт — Алланың үйі. Құлшылық орны.Мешіт салу — аса сауапты іс. Адамның жақсы ізгі істерінің сауабы осы өмірден өткеннен кейін тоқтайды. Ал, кімде-кім мешіт салдырған болса, онда оның өмірден өткенінен кейін де сауабы жалғаса береді. 

Күмбезі ұзақтан көз тартатын мешіттерді қай тұрғыдан алсақ та, әр пендеге жақсы ой мен ізгілікті амалдарды еске салатыны белгілі.

«Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с): «Кімде-кім Алланың дидарын қалап, мешіт тұрғызған болса, Алла тағала жәннатта оған сондай үй тұрғызады», - деген хадисін орындап, сауапты іс жасаған бауырымызға өз кезегінде жамағат тарапынан  алғыс білдірілді.

         Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы