Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/08-07-2015_05-51-35
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/08-07-2015_05-51-35

Сәрсенбі, 08 Шілде 2015   |   613 рет оқылды

ЖАРАПАЗАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін «Дін мен дәстүр» жылын жариялағаны белгілі.

Осы бағытта қазақ халқының салт-дәстүрлері мен негізі Ислам дініне ұштасып жатқан ғұрыптарды халық арасында барынша насихаттау мақсатында біршама шаралардың атқарылғаны да белгілі.{gallery}08-07-2015_05-51-35{/gallery}

«Дін мен дәстүр» жылы аясында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғырту, ел арасында ұлттық нақыштағы түрлі шараларды ұйымдастыруды күн тәртібінен түсірген емес.

Осындай шаралардың бірі – «Жарапазан» сайысын ұйымдастыру болып табылды.

Қызылорда қаласындағы С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен «Жарапазан» айтудан сайыс өткізілді.

Исламмен біте қайнасқан салтымызды насихаттау,
 жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім-тәрбиені қалыптастыру бағытында өткен шара көрермендер мен тұрғындарға рухани демалыс сыйлады.

Облысымызға танымал өнер адамдары мен өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлының қазылық етуімен өткен сайысқа аймағымыздағы өнерпаз жастар, ынталы өнер иелері аса қызығушылықпен қатысты.

Сайыс нәтижесінде І орынды облысқа танымал жырау Серік Ыдырысов алса, ІІ орынды Қанат Зайтов, ІІІ орынды Жағыпар Нұрасыл иеленді.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушылар сыйлықтармен ынталандырылды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы