Жұма, 10 Шілде 2015   |   475 рет оқылды

ҚЫЗ БАЛАЛАР САУАТ АШУ КУРСЫН БІТІРДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жылдағы дәстүр бойынша жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастаған болатын.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұылының  бастамасымен қолға алынған бұл игілікті шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыс мезгіліндегі балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу  болып табылады.

Сауат ашу курстары қыз балаларға және ер балаларға бөлек арналып өтілуде. Сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, имандылық сабақтары, арабша үйрену секілді тәлімі мол дәрістер үйретілуде. Аталмыш сауат ашу курсының еліміздің болашағы балалар үшін берер пайдасы да зор екені түсінікті.

Сауат ашу курсына қатысушы балалардың  саны жыл сайын артпаса, кеміген емес.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі жазғы кезекті сауат ашу курсын қыз балалар тәмамдап шықты.

Оларға мешіт тарапынан арнайы сый-сияпаттар беріліп, алғыс білдірілді.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы