Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/11-07-2015_08-14-51
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/11-07-2015_08-14-51

Сенбі, 11 Шілде 2015   |   545 рет оқылды

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қайырымдылық жасады.{gallery}11-07-2015_08-14-51{/gallery}

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – оларда қоғамның бір мүшесі. Ал, оларға мейіріммен қарап, қайырымдылық көрсету әрбір мұсылманның міндеті. Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен облысымыздағы мылқаулар қоғамындағы бірнеше азаматтарға қайырымдылық жасалып, оларға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік негізінде көмектер көрсетілді.

Талғат Сейіткәрімұлы көкейлеріндегі ойын дауыспен жеткізе алмаса да көкірегімен, санасымен жеткізе білген осы азаматтарды Рамазан айымен құттықтап, қасиетті айдағы сауапты істер, сауапты амалдар турасында насихатын жеткізді.

Өз кезегінде көмек алған азаматтар да мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы