Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/14-07-2015_15-35-32
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/14-07-2015_15-35-32

Сейсенбі, 14 Шілде 2015   |   509 рет оқылды

ҚАДІР ТҮНІ ҚҰЛШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ БОЛДЫ

Қасиетті Рамазан айында шілденің 13-нен 14-не қараған түн Ләйләтүл-Қадр, яғни Қадір түні аталып өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтіп, жиылған жамағатқа арналып бірнеше шаралар ұйымдастырылды.{gallery}14-07-2015_15-35-32{/gallery}

Шараға облыс әкімінің орынбасары Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы қатысып, аймақ тұрғындарын атаулы күнмен құттықтады.

Содан кейін ең алдымен тарауық намазы оқылып, Хатым дұғасы жасалынды.

Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы қари ұстаз Азизов Абдухолиқке жамағат алдында алғысын білдіріп, сый-сияпат тарту етті.

Сонымен қатар, осы күні жамағатқа бірнеше уағыздар айтылып, құлшылық маңыздылығы түсіндіріліп, Қадір түнінің ерекшеліктері мен артықшылықтары насихатталды.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын қасиетті айдың құрметіне жамағат пен жаппай халық арасында мақалалар бәйгесін ұйымдастырады.

Биылғы мақалалар бәйгесі «Құлшылық  самалы – Рамазан» атауымен ұйымдастырылып, жеңімпаз атанған шығармашыл қауым арнайы дипломмен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Өңіріміздегі діни бағытта ұйымдастырылған шараларды және мешіттің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларды белсенді ақпараттандырып жүрген жергілікті БАҚ өкілдерін өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы ерекше атап өтіп, марапаттады.

Қадір түнінде мешітке жиналған халық санында шек болмады. Жамағатты сергіту, олардың діни іліміне шыңдау жүргізу мақсатында арнайы викториналық сұрақтар ойыны өткізіліп, жауап берген жамағатқа бағалы сыйлықтар табысталды.

Әйел адамдар мен ер азаматтар арасында өткізілген ойынға жамағат аса қызығушылықпен белсене қатысты.

Қадір түні аясында жамағатқа арнайы сәресі ұйымдастырылып, көпшілік ризашылығын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы