Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/04-08-2015_08-58-18
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/04-08-2015_08-58-18

Сейсенбі, 04 Тамыз 2015   |   496 рет оқылды

ЖӘРМЕҢКЕ ҚАРАЖАТЫ БАЛАЛАРҒА ЖҰМСАЛАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті арнайы жәрмеңке ұйымдастырды.

Жәрмеңке ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттайтын балдырғандарға арналған оқу-құрал жабдықтарына көмек қолын созу болып табылады.

Жәрмеңке барысында мешіттің шәкірттері, қыз балалар өз үйлерінен арнайы дайындап әкелген тәттілері мен пісірілген өнімдерін саудалап, аталмыш саудадан түскен қаражатты мешіт тарапынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларына ұсынды.{gallery}04-08-2015_08-58-18{/gallery}

Алдағы уақытта мешіт тарапынан оқу жылында мектепке баратын балаларға көмек қолын созу мақсатында қайырымдылық шаралары өткізілуі жоспарлануда.

Осы шаралар барысында балаларға таратылатын оқулық, құрал-жабдықтарды сатып алуға аталмыш жәрмеңкеден түскен қаражат та жұмсалатын болады.

Мешіт ұжымы шәкірттерге алғысын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы