Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/10-08-2015_09-57-36
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/10-08-2015_09-57-36

Дүйсенбі, 10 Тамыз 2015   |   478 рет оқылды

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ

Алаштың анасы атанған Сыр елінде, Сырдария ауданына қарасты, Нағи Ілиясов ауылында жаңа мешіт бой көтеріп, халыққа пайдалануға берілді.

Жалпы жаңа мешіттің бой көтеруі ұлттық рухани қайта жаңғырып, ағартушылық идеяның орнына келуіне игі ықпалы тиетін бір жаңалық деп ұғынамыз.

«Айтбай» мешіті аталған жаңа мешіттің ашылуына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт қатысып, көпшілікке Алланың жердегі үйін тұрғызу турасында тұщымды насихатын айтты.{gallery}10-08-2015_09-57-36{/gallery}

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын деген тілегін жеткізді.

Халықты имандылыққа ұйытатын, елдің береке-бірлігін баянды ететін аталмыш мешітті салуға ат салысқан азаматтарға алғыс білдіріліп, бабалар рухына құран бағышталды.

Аталмыш қуанышқа жиналған зиялы қауым өкілдері мен жұртшылық  - жаңа мешіт жаңа бастама мен ұлт тарихының ұлағатын тарқататын жер болса екен тілек етті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы