Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/23-08-2015_12-31-21
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/23-08-2015_12-31-21

Сейсенбі, 25 Тамыз 2015   |   382 рет оқылды

ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТ МОЛДАЛАРЫНА СЕМИНАР ӨТУДЕ

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жылдық жоспарына сәйкес кезекті қала имамдарына арналған оқу семинары басталды.{gallery}23-08-2015_12-31-21{/gallery}

 Аталмыш семинарға қалаға қарасты барлық мешіттердің молдалары қатысуда.

 Семинарды орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы, ұстаз Гаджиев Мұхтар жүргізуде.

«Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, соған дінді терең түсінуді нәсіп етеді», – деген. Демек, дінді түсіну, оған амал ету, Исламды насихаттау – жауапкершілігі мол, мәртебелі еңбек.

Осы бағыттағы Ислам дінінің негізгі талаптарын, діни сауаттылықты, қасиетті Құран оқудың ерекшелігі мен молдаларға қойылатын талаптар бағыты семинарға негіз болуда.

Негізінен молла (араб.: المُلَّا‎ /әл-мулла/ – мырза, әмірші, парс. мелла, молдо – ұстаз, діни ғұлама) – шариғат білгірі, діни рәсімдерді атқарушы, ұстаз дегенді аңғартатын болса, молдалардың білімін шыңдап, олардың біліктілігін арттырып отыру маңызды шаралардың бірі.

Аталмыш бағыттағы жұмыс алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы