Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/25-08-2015_06-41-26
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/25-08-2015_06-41-26

Сейсенбі, 25 Тамыз 2015   |   413 рет оқылды

ДІНТАНУШЫ МАМАНДАР СЫР ЕЛІНДЕ

Сыр елінде тұрғындар мен имам, молдалардың біліктілігін арттыру, діни сауаттылығын арттыру бағытында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық  «Ақмешіт-Сырдария» мешітімен бірлескен түрде бірнеше шаралар тұрақты жүзеге асырылып келеді.{gallery}25-08-2015_06-41-26{/gallery}

Соның бірі аймағымызға халықаралық деңгейдегі дінтанушы ұстаздарды шақырып уағыз-насихаттар ұйымдастыру болып табылады.

2015 жылдың 17-24 тамыз аралығында Сыр елінде «Әл –Азхар» университетінің Ислам мәдениеті және дін насихаты бағыты бойынша ұстазы Имад Мұхамед Әл-бағри Мұхамед және «Әл –Азхар» университетінің шариғат және заң факультетінің Әбу Ханифа фикһының ұстазы Ахмад әл-Амир Мұхамед Жәхин Исмайл ұстаздар болып, бірнеше кездесулер өткізілді.

Кездесулерде «Зайырлы мемлекеттегі діннің ролі», «Сананы уалаған сан ағым», «Халал түсінігі», «Талақ мәселесі», «Иман және ақида» тақырыптарында жамағаттармен тұрғындармен пікір алмасулар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы «Дін мен діл» бағдарламасына қатысып, тұщымды ойларын жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы