Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/27-08-2015_06-04-18
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/27-08-2015_06-04-18

Дүйсенбі, 31 Тамыз 2015   |   516 рет оқылды

«БІР БАЛАНЫ КИІНДІР» ЖӘНЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасы азаматтарының балалары үшін арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.
Биылғы жылғы қайырымдылық акциясы «Бір баланы киіндір» және «Мектепке жол» атауымен өткізілді.{gallery}27-08-2015_06-04-18{/gallery}
Қайырымдылық акциясының басты мақсаты - аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және т.б. заттарға қажеттілігіне көмек беріп, қол ұшын созып, қамтамасыз ету болып табылады.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен болған шарада 400-ге жуық жас бүлдіршіндерге қайырымдылық жасалды.
Аталмыш шараға қала тұрғындары мен көмек алушы отбасы мүшелері қатысып, іс-шара жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылды.
Мұндай қаырымдылық шаралары алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы