Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/27-08-2015_06-17-41
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/27-08-2015_06-17-41

Дүйсенбі, 31 Тамыз 2015   |   1076 рет оқылды

«ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ» АТТЫ ФОРУМ

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы Қызылорда қаласындағы А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» форумы өткізілді.{gallery}27-08-2015_06-17-41{/gallery}
Форумның негізгі мақсаты - қоғамның рухани өмірін арттыру - адамгершілікке баулитын, адалдық пен әділдікті насихаттайтын, өз еліне деген сүйіспеншілікке, қоғамдағы дінаралық татулықтын қағидаттарын, халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелейтін шынайы құндылықтарды, дін атын жамылған радикалды, экстремистік және террористік әрекеттердің дінге ешқандай қатысы жоқ екендігін түсіндіру болып табылды.
Шарада Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Балабаев Мұрат Сұлтанғазыұлы «Зайырлылық – елді біріктіретін басты құндылық», облыстық ақпаратық-насихат топ мүшесі, қоғам қайраткері Аңсатов Сәби Әбдіқадірұлы «Ұлттық болмыспен дәстүрдің ұштастығы», «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт Бахрамұлы «Дін – мемлекеттің рухани тірегі»,Философия ғылымдарының докторы, профессор Қожамберлиев Баймырза Қожамберліұлы «Зайырлы білім-рухани даму кепілі», Дін мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Убаев Батырбек Тұрғанбекұлы «Дәстүрлі құндылық және радикалды идеология», тақырыптарында баяндама оқыды.
Қызылорда қалалық форумның қорытындысымен үндеу оқылып, қабылданды. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы