Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/08-09-2015_14-56-17
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/08-09-2015_14-56-17

Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015   |   452 рет оқылды

АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП АУДАНДАРДА

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті облыс аудандарына қарасты білім беретін оқу орындарындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жалғастыруда.{gallery}08-09-2015_14-56-17{/gallery}

 Осындай кездесулердің бірі Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде өткізілді. Кездесуге ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров, қалалық «Қалмұхаммед Ишан» мешітінің бас имамы Н.Әбжанов және  колледж қызметкерлері мен ұстаздары және студенттер қатысты.

 Кездесудің басты тақырыбы – «Дін мен дәстүр» бағытында өрбіді. Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы адамзат өмірінде дініміздің алатын орны мен қазақ халқының салт-дәстүрінің Ислам дінімен үндесуі турасында уағыз-насихатын айтты.

 Кездесу барысында қатысушы жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптарын алды.

          Осындай кездесулер облыстың барлық аймақтарында да жүргізілетін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы