Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/21-09-2015_06-16-06
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/21-09-2015_06-16-06

Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2015   |   378 рет оқылды

6 КҮНДЕ 60 КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті 6 күнде 60 кездесу айдарымен облысқа қарасты қала, аудан, ауылдық округтерде кездесулер ұйымдастырды.

Кездесулердің басты мақсаты – мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге Ислам дінінің құндылығын, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану бағыттары туралы ақпараттар беру болды.{gallery}21-09-2015_06-16-06{/gallery}

Арнайы құрылған ақпараттық насихаттық топ мүшелері құрамында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы, аталмыш мешіттің найб имамы Улжаев Бақыт, мешіт ұстазы, найб имам Гаджиев Мұхтар және қала имамдары болды.

Мешіт имамдары ауданның шет аймақтарында орналасқан ауылдық округтерде де болып, уағыз айтылмаған ауыл қалмасын ұранын ұстанып, насихаттарын жүргізді.

Өз кезегінде кездесулерге қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Қатысушылар имамдарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін бар ынтасымен тыңдады.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы