Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/22-09-2015_06-18-36
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/22-09-2015_06-18-36

Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2015   |   369 рет оқылды

ҚАСАПШЫЛАРҒА МАЛ СОЮДЫҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚМДБ – ның  Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт - Сырдария» мешіті жергілікті қасапшылармен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуді орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт  жүргізіп отырды.{gallery}22-09-2015_06-18-36{/gallery}

Шараға "Халал" өнімдерін стандарттау бөлімінің Қызылорда облысы  бойынша өкілі Садықов Жеңіс те қатысты.

Қасапшыларға кездесу барысында Құрбан айт кезіндегі малды сою, шариғат жолымен сою бойынша және тазалық сақтау шаралары, арнайы орындардың болуы басты назарда екендігі жеткізілді.

Сонымен қатар, құрбандыққа шалынатын малға зәбр көрсетілмеу керек екендігі де ескертілді.

Одан бөлек қасапшылар мал союдың тәртібімен де жете таныстырылды.

Атап айтқанда: 

-      мал сойылатын жердің тазалығы;

-      малды ұрмай соқпай жеткізу;

-      құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызылуы;

-      пышақты малға қаратпай қайрау;

-      «Бисмиллаһи Аллаһу Акбар» деп айту және одан да бөлек тазалық шаралары мен ережелері айтылды.

Кездесу соңында өкіл имам барлық қатысушыларды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, еңбектеріне береке тіледі.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы