Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/22-09-2015_08-09-44
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/22-09-2015_08-09-44

Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2015   |   335 рет оқылды

ҚМДБ –НЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті  қала тұрғындарына, жастарға және білім беру мекемелерінің мамандарына арналған жиын өткізді.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өткен жиынның негізгі мақсаты - Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізілген І-Республикалық имамдар форумында қабылданған  Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын насихаттау болды.{gallery}22-09-2015_08-09-44{/gallery}

Тұғырнаманы қабылдаудағы көздеген негізгі мақсат – Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен, дін жолын ұстанбайтындармен ынтымақтастықта тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессиялық тұрақтылықты сақтай келе, аталған үдірістерді нығайту, сақтау және күнделікті қызыметте басшылыққа алу сияқты қағидаларды нығайту екендігі осыған дейін де айтылған болатын.

Шараға қатысушылар бүгінгі таңдағы аймақтағы дін саласындағы атқарылған шаралар мен алға қойған жоспарлар туралы ойларын ашық айтып, пікірлерін жеткізді.

Жиында одан бөлек форумда қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тәлімдік құжаттар да тілге тиек болды.

         Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы