Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/23-09-2015_06-39-59
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/23-09-2015_06-39-59

Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2015   |   469 рет оқылды

МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Өздеріңізге белгілі, биыл елімізде ҚР Конституциясының 20 жылдығы салтанатты түрде аталып өтіп, осы мерекеге орай бірнеше қоғам қайраткерлері "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.{gallery}23-09-2015_06-39-59{/gallery}

Осындай марапатқа ие болғандар қатарында аймағымыздың дін саласына еңбегі сіңіп жүрген имамдарда баршылық.

Аталмыш медальмен ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Тілеубергенов  Алпамыс та марапатталды.

А.Тілеубергенов Қызылорда өңірінде еңбек ете жүріп, тұрғындарды имандылыққа шақыруда, асыл дініміздің өркен жаюына аянбай абыройлы еңбек етіп, өз үлесін қосты.

Аталған марапатты Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Б.Камалов және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы табыстады.

Табыстай келе А.Тілеубергеновтың Сыр өңіріндегі Ислам дінінің өркендеуіне қосқан үлесіне ризашылығын білдіріп, алдағы қызметіне табыстар тіледі.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы