Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/2015Kurban-ait
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2015Kurban-ait

Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2015   |   1938 рет оқылды

ДІН МЕН ДӘСТҮРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҚҰРБАН АЙТ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мұсылмандардың ұлық мейрамы болған Құрбан айт мерекесін жоғары дәрежеде атап өтуде.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне тұрғындар мен жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтау үшін облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы келді.{gallery}2015Kurban-ait{/gallery}

Аймақ басшысының құттықтауында «Бес парыздың бірі – қажылықпен тұспа-тұс келетін қасиетті айт мейрамының орны ерекше. Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.  Ендеше баршаңыздың ниет етіп шалған құрбандықтарыңыз, құлшылық еткен дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын!» - делінген.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы мен облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлының құттықтауынан кейін, мешітке жиналған жамағат айт намазын оқыды.

Айт намазы оқылып болған соң, құрбандық шалу рәсімі орын алып, бас имам Т.Омаров дұғасын жасап, батасын берді.

Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне биыл орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті ерекше дайындалды десек болады. Мешіт алаңына қазақы нақышта киіз үйлер тігіліп, қазақы салт-дәстүр бойынша ұлттық ойындар ойнатылды.

Арнайы тігілген киіз үйлерде жаппай халыққа арналып дастархан жайылып, тұрғындарға палау таратылды.

Сонымен қатар, қазақы күрес, қол күрес, гір көтеру, арқан тарту және қой көтеру сайыстары ұйымдастырылды.

Сайысқа белсене қатысып, жеңімпаз атанған жерлестеріміз мешіт тарапынан арнайы дипломдармен және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қой көтеру сайысы – көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны да рас. Аталмыш сайысқа қатысушылар қатары көп болды. Қой көтеру сайысында үздік шығып, жеңімпаз атанған азаматқа көтерген қой малы сыйға тартылды.

Одан бөлек мешіт ауласында мешіттің қыздар жамағаты тарапынан арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде қыздар өз қолдарымен пісірген өнімдерін саудалап, саудаларынан түскен қаржыны қайырымдылыққа арнады.

Қазақ халқының салт-дәстүріне негізделген түрде ұйымдастырылған Құрбан айт мейрамына тұрғындар тарапынан ризашылықтар білдірілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі  

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы