Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/30-09-2015_13-56-40
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/30-09-2015_13-56-40

Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2015   |   302 рет оқылды

СЫР ЕЛІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы облысқа қарасты Қазалы ауданында ашылған жаңа мешіттің ашылу рәсіміне қатысып қайтты.{gallery}30-09-2015_13-56-40{/gallery}

Баба ауылындағы "Әзілхан ишан" атындағы жаңа мешітті салуға мұрындық болған ел азаматы, кәсіпкер - Мінажадин Өтеев.

Жалпы, Қазалы - дін ғұламалары әулие, ишан, абыз, ахундар көп шыққан киелі мекен. Солардың ішінде Әзілхан Ишанның шоқтығы биік. Әзілхан Ишан сопылық жолмен бірге емшілік қасиеттерді терең меңгерген, қиналғанда аян беретін киелі, қожа руынан тарайтын аруақты адам болған. Ол Ишан атағын Бұхарадағы «Көкілташ» медресесін 7 жыл оқып, бітіргенде иеленген.

Халық игілігі үшін осыған дейін жұмыс жасап келген көне мешіт 1924 жылы Әзілхан ишанның тапсырмасымен салынған болатын. Ал кәсіпкер ықпалымен салынған жаңа мешіт Ақтан батырдың 245 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп отыр.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов та қатысты.

Батыр ауылындағы Әзілхан Ишанның есімін иеленген мешіттің халықтың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етуіне тілектестігін білдірді. Және ишан ұрпағы Сәлім Нарымбетов жомарт жанға алғысын айтып, халықты бабалар тойымен құттықтады.

Жиналған қауым дұғасын бағыштап, арнайы жайылған астан дәм татып тарқасты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы