Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/01-10-2015_15-57-39
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/01-10-2015_15-57-39

Сәрсенбі, 07 Қазан 2015   |   389 рет оқылды

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті  ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес қайырымдылық шараларын жүйелі жүргізіп келеді.{gallery}01-10-2015_15-57-39{/gallery}

Қайырымдылық жасау – Алла тағаланың разылығына бөлейтін амал. Жәрдемге мұқтаж жандарға керек кезінде қол созу сауапты іс.

Қайырымдылыққа қатысты іс-шаралар жоспарынан бөлек, қасиетті Құрбан айтта да орталық мешіт тарапынан 300-ге жуық отбасына қол ұшын созып, көмектер көрсетілді. Нақтырақ айтар болсақ, оларға тұрмысқа қажетті қажеттіліктер мен азық-түліктер таратылды.

Көмекті алған тұрғындар Қызылорда қаласының тұрмысы төмен отбасы және аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелері болып табылады. Мешіт қызметкерлері мешітке көмек сұрап келген әрбір тұрғынды жеке қабылдап, арнайы тізімге енгізіп, олардың тұрмыс жағдайына көз жеткізеді.

Өз кезегінде бұл азаматтар да мешіт ұжымына алғысын білдіріп, жақсы ниеттерін жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы