Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/08-10-2015_11-47-01
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/08-10-2015_11-47-01

Бейсенбі, 08 Қазан 2015   |   739 рет оқылды

Бірлік болмай, тірлік болмас

Еліміз егемендік алғалы мемлекетімізде Ислам дініне бет бұрып, ата-баба салтының жалғасуына, дін мен дәстүрдің сабақтастығының артуына, сонымен қатар халық арасында ауызбіршіліктің артуына атсалысып жатқан игі бастамалар  жетерлік.

Осындай еркін де, үлгілі шаралардың бірі – «Айтбай» мешітіне жиналған жамағаттар мен мешіт имамдарының арасында болып өтті.{gallery}08-10-2015_11-47-01{/gallery}

Атап айтар болсақ, мешіт жамағаты, ел азаматы Досбол Раушанбекұлының жеке қожалығында мешітте бас қосатын жамағаттардың қатысуымен өте тартымды да әсерлі демалыс ұйымдастырылды.

Жамағат азаматтар өзара гір көтеру, қол күрес секілді спорт түрлерінен сайысқа түсіп, бағалы сыйлықтарға ие болып, бір дастархан басында ас жеп, ой-пікірлерін ортаға салып, ынтымақтаса шүйіркелесті десек артық айтқандық емес.

Бұл демалыс бүгінгі күні Ислам дінінде бірлік жоқ, өзара татулық қалыптаспаған деген қате пікірдегі азаматтардың ойына дәлел болса керек. Қазақ халқы қашанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлгін сақтай білген халық.

Мұсылмандардың басты ұстанымы – Құран болса, онда  Алла Тағала біздерге ақ пен қараны айырып, бірлік пен басшыға бағынудың да маңыздылығын баян еткен. Сондай аяттардың бірінде Алла тағала:

«Түп-түгел Алланың жібіне жабысыңдар да бөлінбеңдер».деген.

Осы аятты ғалым сахаба Абдулла ибн Масғұд р.а былай түсіндіреді:

-  «Уа халайық, сендерге басшыға бой ұсыну және көпшілікпен болу міндетті. Расында бұл Алла Тағаладан әмір етілген Алланың жібі»- дейді.

Осы бағыттағы және ауызбіршілік пен бірлік, жамағат татулығы турасында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы бас қосқан жамағатқа жете түсіндірді.

Жер бетінде өзара бірлік пен ынтымаққа, татулық пен қолғабыс көрсете білуге шақыратын, дұшпандықтан, жанжалдан сақтандыратын Ислам дінінен асқан дін жоқ.

Сол себепті де діннің өркен жаюына мұндай шаралар септігін тигізіп, жалғасын табары сөзсіз.

          Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы